Кентау - Түркістан Халықаралық әуежайы автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кентау қаласы мен Түркістан халықаралық әуежайы аралығында 26 шақырым жол пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарын Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС жүргізді.

Аталған жол - Жамбыл облысы, Созақ ауданы, Кентау қалаларын облыс орталығы Түркістан қаласымен жалғайтын күре жол. Жобаға сәйкес жолдың 26 шақырым асфальт жабындысы толық төселген. Ұзындығы 100 метр көпір қайта жөндеуден өтіп, 4 жерде мал өткелі мен 27 жерде су өткізгіш құбырлар салынды. Жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 331 дана жарықшам орнатылған. Сондай-ақ, 6 аялдама және елді мекен атаулары, тиісті жол белгілері мен жол таңбалар сызылған.

Қазіргі таңда жолды пайдалануға берілгеннен бастап Түркістан қаласы мен Кентау қаласы арасындағы көлік кептелісі едәуір азайған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
13743 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3992
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2683
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3394
Forbes Video

Ударят ли санкции по Казахстану?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить