Ақтөбе облысында ферроқорытпа зауытының қызметкерлері үшін жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

2024 жылы Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты металлургтерінің тұрғын үй жағдайын жақсартатын арнайы бағдарлама қолға алынады. Оған қатысушылар Отбасы банкінен жеңілдетілген жылдық 5% үстемемен (жылдық тиімді үстемақысы 5,2%-дан басталады) займ ала алады. Бұл жерде металлургтерге міндетті бастапқы жарна мөлшері – 10%.

Өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, Отбасы банкі төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов пен Еуразиялық Топ (ERG) Бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаев қол қойды.

Бағдарламаны іске асыру үшін әр тарап 700 млн теңгеден қаражат бөледі. Нәтижесінде оның жалпы бюджеті – 2,1 млрд теңгені құрайды. Бұл 110 отбасының баспаналы болуына мүмкіндік бермек.

Зауыт қызметкерлері арасында баспананы үлестіруде әкімдікте кезекте тұрғандарға басымдық беріледі. Металлургтер Ақтөбеде бастапқы немесе екінші нарықтағы пәтерлерді өздері таңдайды.

«Биыл біз Ақтөбе облысында рекордтық көлем – 1,2 млн м2 тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл көптеген отбасының тұрмыс жағдайын жақсартып, аймақтың инвестициялар мен өмір сүру тартымдылығын арттырады. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты сынды өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлеріне, қарапайым еңбек адамдарына жеңілдікпен баспаналы болу мүмкіндігін ұсына отырып, біз олардың орнықты әрі тұрақты дамуына жағдай жасаймыз. Облыс әкімдігі әрдайым осындай әлеуметтік маңызды жобаларды қолдап, өзге де қуатты кәсіпорындарды ERG тәсілін қолдануға шақырады»,- деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов.

Үйлі болудан үміттілер тізімін «Қазхром» ТҰК» АҚ жанынан құрылатын тұрғын үй комиссиясы жасайды. Бағдарламаға соңғы 5 жылда өзінің және отбасы мүшелерінің атында ҚР аумағында баспанасы болмаған, тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлер қатыса алады.

Тек соңғы 7 жылда Ақтөбе ферроқорытпа зауытында еңбек етіп жүрген 180 металлург баспаналы болған.

«Отбасы банкі күн сайын 250 отандасымыздың жеңілдетілген шартпен баспаналы болуына мүмкіндік беруде. Қарапайым еңбек адамдарының үйлі болып жатқаны – қуантарлық жағдай. Кәсіпорын қызметкерінің баспаналы болуы, оның отбасы мүшелерінің де өз үйі болады деген сөз. Яғни, бұл – тек бір адам емес, бірден 3-4 адамның қуанышы. Біз олардың отбасыларына ырыс-береке тілейміз»,- деді Отбасы банкі төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6062 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3993
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2684
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3394
23 апреля родились
Ергали Бегимбетов
экс-руководитель АО «Страховая компания Amanat Insurance»
Forbes Video

Как построить бизнес в Казахстане без агашек

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить