Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін жыл сайын фермерлерге 60 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарлануда

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау нәтижелерімен бөлісуді жалғастыруда. Бұл материалда ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жөнінде айтылады.

Айтылды:

«Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаппай жаңартудың өзекті мәселесін қосымша қарау қажет. Қаржыландырудың барлық ықтимал көздерін іске қосу маңызды. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында жеңілдетілген несиелеу тетігін енгізуді тапсырамын" (Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында).

Орындалды:

Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын 2022 жылдың тамызында іске асыруды бастады. Отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі бағдарламасына 40 млрд теңге (30 млрд теңге «Жасыл даму» АҚ және 10 млрд теңге - «Бәйтерек» АҚ коммерциялық қаражаты) бөлінді. Фермерлер бастапқы жарнасыз жылдық сыйақысы 6%-бен несие алды. Бұл жаппай күзгі жиын-терім жұмыстары қарсаңында 872 фермердің лизингке 1053 техника (176 комбайн және 877 трактор) сатып алуларына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Үкімет «Жасыл даму» АҚ қорынан ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингпен беру үшін 20 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. 2023 жылдың 18 қазанынан бастап бағдарламаның негізгі операторы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдер қабылдай бастады.

Бұдан бөлек АШМ 2023 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жем-шөп жинау техникасының жеңілдетілген лизингін қаржыландыру бағдарламасын 20 млрд. теңгемен іске асырса, 2024 және 2025 жылдарға 30 млрд. теңгеге дейін жеткізетін болады. Сондай-ақ, шамамен 2,8 мың жем-шөп дайындау техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі техниканы сатып алуды қаржыландыру жоспарлануда. 2023 жылдың 26 маусымынан бері «ҚазАгроҚаржы» АҚ бағдарламаны іске асырып келеді.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыру үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға жыл сайын 2023-2025 жылдары 30 млрд теңгеге дейін ұзақ мерзімді бюджеттік несие бөлуді көздейді.

Аталған іс-шараларды келісу мерзімдерінің ұзақтығын ескере отырып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2023 жылдың 26 маусымынан бастап ішкі резервтер есебінен отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын лизингілеудің жеңілдетілген бағдарламаларына кірісті (26,5 млрд теңге).

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6924 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3993
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2684
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3394
23 апреля родились
Ергали Бегимбетов
экс-руководитель АО «Страховая компания Amanat Insurance»
Forbes Video

Кунсулу Закарья: Биолаборатории, новый всплеск ковида и учёные без денег

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить