2024 жылы БҚО халқының көкөніс өнімдеріне қажеттілігін 100% жабу жоспарланған

Батыс Қазақстан облысында негізгі азық-түлік тағамдарына деген импортқа тәуелділікті азайту мақсатында нақты шаралар атқарылып жатқаны туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңір басшысы Нариман Төреғалиев баяндады.
Әкімнің мәліметіне сәйкес, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2023 жылға республикалық бюджеттен 6,4 млрд теңге кредиттік қаражат бөлінген. Қазіргі таңда 714 өтініш бойынша 4,9 млрд теңге несие берілді. Аталған қаражатты жыл соңына дейін толықтай игеру көзделген.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысындағы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 617 мың га құрайды. Өңірде биылғы егін ору науқаны толықтай аяқталып, облыс бойынша 302 мың тонна астық жиналған, ал майлы дақылдардан 75 мың тонна өнім алынды. Сондай-ақ, 153 мың тонна картоп, көкөніс-бақша өнімі жиналды.

Аймақ басшысы облыста жылыжай шаруашылығы қарқынды дамытылып жатқанын атап көрсетті.

«Облыста қуаты жылына 11 мың тонналық голландиялық технологиямен 2 заманауи өндірістік жылыжай жұмыс жасап тұр. Бүгінгі таңда облыс халқын помидор мен қияр өнімдерімен толықтай қамтудамыз», – деді Нариман Төреғалиев.

Ол жиналған мол өнімді сақтау мәселесі де назардан тыс қалмағанын жеткізді. Әкімнің айтуынша, облыстың маусым аралық кезеңде картоп-көкөніс өнімдерін сақтау қажеттілігі 70 мың тоннаны құрап отыр. Ағымдағы жылы 91 мың тонна картоп-көкөніс өнімдері жиналып, сыйымдылығы 52 мың тонна болатын 32 картоп-көкөніс қоймаларында сақталуда. 2026 жылға дейін 30 мың тонналық 17 қойма салу жоспарланған.

Сондай-ақ Нариман Төреғалиев облыс халқының көкөніс өнімдеріне деген қажеттілігі алдағы жылы толық жабылатынын атап көрсетті. Ол үшін 18 мың тонналық 4 қойма салу жоспарланғанын жеткізді.

Аймақ басшысының айтуынша, 2023 жылы ауылшаруашылық саласын қолдауға 30 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 3 мың агроқұрылымға 12 млрд теңге субсидия төленді және 20 млрд теңгеге жуық кредит берілді. 2023-2026 жылдарға АӨК секторында 89 млрд теңгеге 40 инвестициялық жоба жоспарланса, биыл 6 млрд теңгеге 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7276 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3993
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2686
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3394
23 апреля родились
Ергали Бегимбетов
экс-руководитель АО «Страховая компания Amanat Insurance»
Forbes Video

Газиз Абишев: бунт Пригожина, будущее России и Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить