Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Еуропаға «жасыл» энергия экспорты бойынша жоба жасайды

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан «жасыл» энергетика экспорты бойынша техникалық тапсырма мен бірлескен кәсіпорын дайындау туралы келісті.

Баку қаласында өткен Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстан энергетика және экономика министрлерінің Орталық Азия елдерінен Әзербайжан аумағы арқылы Еуропаға электр энергиясын экспорттау перспективаларын талқылау жөніндегі кездесуінде тиісті келісімге қол жеткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша ведомство басшылары бірлескен коммюникеге қол қойды, онда елдердің жаңартылатын энергия саласындағы әлеуетін және баламалы көздерден алынған электр энергиясын Еуропаға экспорттау жобасына қосылуға дайындығын атап өтті.

Қатысушылар жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аудара отырып, энергия алмасу саласындағы, жасыл сутегі мен жасыл аммиакты әзірлеу және экспорттау мүмкіндіктері және ілеспе инфрақұрылымдық саласындағы ынтымақтастық жөніндегі техникалық тапсырманы әзірлеу үшін бірлескен жұмыс тобын құру туралы келісімге келді.

Әзірленген және бекітілген техникалық тапсырма негізінде алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға тендер жарияланатын болады. Сондай-ақ, қатысушылар жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру перспективасын зерделеуге келісті.

Экономика және энергетика министрлері деңгейіндегі келесі кездесу Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3847 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4340
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3062
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3798
10 октября родились
Айдан Карибжанов
участник рейтинга «50 богатейших бизнесменов Казахстана», председатель совета директоров Visor Holding
Айдан Карибжанов
владелец Visor Kazakhstan, участник рейтингов богатейших и самых влиятельных бизнесменов Казахстана
Андрей Цалюк
заместитель председателя правления KASE
Шерхан Раздыков
генеральный директор ГЦТ «Алматытелеком»
Кадыр Байкенов
экс-министр энергетики и топливных ресурсов РК, председатель совета Союза инжиниринговых компаний РК
Forbes Video

Алишер Еликбаев — о репутации, олигархах, доходах в кризис, провалах в бизнесе

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить