22 қарашада WorldSkills-2023 республикалық чемпионаты басталады

Осы жылдың 22 қарашасынан бастап «Expo» халықаралық көрме орталығында WorldSkills-2023 республикалық чемпионаты өтеді. Чемпионатта еліміздің 20 өңірінен 545 студент пен 520 сарапшы бақ сынасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, озық тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту және т.б.

«Чемпионат 7 бағыт және 30 құзырет бойынша өтеді. WorldSkills чемпионатының ашықтығын қамтамасыз ету үшін сарапшыларды таңдау және бағалау жұмысы автоматтандырылған. Ұлттық оператор биыл алғаш рет WorldSkills стандарттары бойынша 400 өңірлік сарапшыны оқытты, бұл оларға критериалды бағалаудың мәнін, оның ішінде ашықтық пен сапаны қамтамасыз ету үшін қажетті рәсімдерді ұғынуға мүмкіндік берді», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова.

Республикалық чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар 2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияның Лион қаласында өтетін халықаралық WorldSkills чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3692 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3992
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2681
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Лилия Рах: Из деревни - к звёздам мировой индустрии моды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить