Құрылған жұмыс орындарының жалпы санынан 80% ауылдық жерлерде

Биыл «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі Ұлттық жоба аясында 25 мың адам әртүрлі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданды. Одан бөлек 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 80%-ы ауылдық жерлерде екенін айта кеткен жөн. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев осындай көрсеткіштерді жария етті.

Сондай-ақ, биыл 25 мың отбасыға 2 млрд астам теңгеге әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп, нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 28%-ға азайды.

«Орал қаласында заманауи стандарттар мен технологияларға сәйкес мүгедектігі бар адамдарға арналған 7,5 млрд теңгеге 150 орындық әлеуметтік оңалту орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Жасыл Ел» жобасы аясында 1200 жас жұмыспен қамтылды. Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 540 жас маман 186 млн теңге көлемінде бастапқы көтерме ақы алса, келесі жылы «Жайық жастары» баспана бағдарламасы аясында 600 млн теңгеге 40 жас отбасыға арналған жобаны іске асыру көзделіп отыр», - деді өңір әкімі.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында өтетін баспасөз мәслихатына қатысады.
09 қараша 2023

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3436 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3992
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2682
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3394
Forbes Video

Основатель КДЛ "Олимп" Ерлан Сулейменов: о связях с Минздравом, неудачных праймериз и вакцинировании

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить