10 айда Қарағанды облысы өнеркәсібінің көлемі 2,8 трлн теңгені құрады – аймақ әкімі

Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтың үстіміздегі жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның айтуынша, құрылысқа, өңдеу өнеркәсібінің жекелеген секторларына, сондай-ақ көлік және сауда салаларына инвестициялардың өсімі байқалады, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Биылғы жылдың басынан бері «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарындағы тұрақсыз жағдай облыстың өнеркәсіп өнімдерінің көлеміне өзінің әсерін тигізді. 10 айда өнеркәсіптік көлем индексі 95,3%-ды құрады. Соған қарамастан өндіріс қарқынының ай сайынғы өсімі байқалады», – деді облыс басшысы.

Атап айтқанда, облыс өнеркәсібінің көлемі 2,8 трлн теңгені құрады. Машина жасау, жеңіл және қағаз өнеркәсібі, фармацевтика және қара металлургия салаларында өндірістің өсімі қамтамасыз етілді.

Ермағанбет Бөлекпаев үшінші жыл қатарынан өңірді дамытуға жеке инвесторлардың инвестициялары ұлғайып жатқанын жеткізді. Оның мәліметінше, 10 айда облысқа шамамен 641 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 86% – жеке инвестициялар.

Сонымен қатар, инвестицияларының жалпы көлемі 1,5 трлн теңгені құрайтын және 13 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 56 инвестициялық жобаның пулы құрылды. 385 адамды жұмыспен қамтыған 21 млрд теңгеге 5 жоба іске қосылды.

«Жыл соңына дейін тағы алты жаңа өндіріс ашылады, олардың ішінде тұрмыстық техника мен автомобиль шиналарын шығаратын зауыттар бар. 1900-ден астам қарағандылық жұмыспен қамтамасыз етіледі», – деді облыс әкімі.

Бүгінгі күні өңірде Saran индустриялық аймағының дамуы жалғасуда. Қазір онда инфрақұрылым тарту жұмыстары аяқталуда. Аймақ басшысы «Сары-Арқа» және Saran өнеркәсіптік аймақтарының аумақтарында болашақ инвесторлар үшін 400 гектарға жуық бос алаң дайындалып қойғанын хабарлады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4958 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3992
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2682
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3394
Forbes Video

Бизнесмен из списка Forbes – о резком росте цен, проблемах бизнеса и недостатках правительства

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить