16 қарашада aнтициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстігінде ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады.
Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
