Қазақстан литий әлеуетін ашуға дайын

Қазақстанның үш облысында литий әлеуетін зерттеубойынша жұмыстар басталады. Бұл туралы 13-16 қараша аралығында Бельгияда өтіп жатқан ЕО-Қазақстан әріптестік форумында – «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Ғалиев мәлім етті.

«Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында Қазақстанның үш облысында литий әлеуетін зерттеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Егер шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерде бастапқы литий шөгінділері болжанса, Арал шөгінді бассейнінің минералданған тұзды сулары да литий үшін өте қолайлы. Оның геологиялық жағдайы Чилидегі SALAR DE ATACAMA тұзды батпағына ұқсайды, онда барлық әлемдік литий қорының шамамен 30 пайызы бар», - деді Ерлан Ғалиев.

Басқарма төрағасының айтуынша, соңғы жылдары әлемде литийге, отқа төзімді металдарға, германия және басқа да сирек кездесетін металдарға деген қызығушылық күрт өскен.. Ағымдағы жылы мемлекеттік баланста литий болуы мүмкін алты кен орны бар: Юбилейное, Жоғарғы-Баймырза, Бакен, Ахмет, Медведка, Ахмировское.

«Литий мен сирек кездесетін металлдың едәуір қорлары орталық және Оңтүстік Қазақстанның байыту фабрикалары мен кен орындарының және Шығыс Қазақстанның сирек кездесетін металл кен орындарының үйінділері мен «үйіндіқұмдарында» шоғырланған. Сонымен қатар, сирек жер металдары мемлекеттік баланста ілеспе компоненттер ретінде 70 кен орны бойынша есепке алынады. Солтүстік (Көкшетау орта массиві шегінде Көкшетау сирек металл провинциясы ауданында) және Батыс Қазақстан (Мұғалжар сирек металл провинциясы ауданында, литий-фторлы типті граниттерде), шығыс өңірде (оңтүстік-шығыс соңында),Шыңғыс - Тарбағатайда сирек кездесетін металлогендік аймағы) сирек металл граниттері мен пегматиттерінде сирек кездесетін жерлердің жаңа кен орындарын ашуперспективалары бар. Сондай - ақ, литий көріністері Арал өңірінің, Бетпақдаланың сораларында (тұзды батпақтарында) және елдің оңтүстігіндегі басқа да аудандарда анықталды», - деп атап өтті «Ұлттықгеологиялық қызмет» АҚ Басқарма Төрағасы.

Баяндама барысында «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚшетелдік компаниялармен серіктестікке дайын екендерін атап өтті.

«Мүдделі компанияларды жобалармен танысуға шақырамыз. Біз өз тарапымыздан инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Әрі қарай ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатамыз деген үміттеміз», - деді ол.

Анықтама

2022 жылы жер қойнауын пайдаланушыларға кешенді сервистік қолдау көрсету үшін Ұлттық геологиялық қызмет құрылды. әҰлттық геологиялық қызмет» АҚ-ның стратегиялық бағыттары:

Біріншісі-геологиялық ақпаратты жинау, сақтау және ашық қолжетімділікті ұсыну бойынша Мемлекеттік инфрақұрылымды құру және басқару, бұл геологиялық ақпаратты жинауды қамтамасыз етуді, геологиялық материалдарды сақтауды, сүйемелдеуді, өңдеуді және өзектендіруді, сондай-ақ геологиялық ақпаратты сақтаудың цифрлық форматын қамтамасыз етуді көздейді.

Екіншісі-геологиялық саланы ақпараттық-талдамалық және әдістемелік қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерттеудің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік ғылыми және ғылыми-зерттеу, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау сияқты мақсаттарды көздейтін жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту бойынша қолайлы климат құру.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2006 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3992
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2681
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3394
Forbes Video

Режиссер «5:32» Алишер Утев о том, как коррупция убивает казахстанское кино

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить