ЮНЕСКО Бас конференциясы Қазақстанның бастамасымен Дүниежүзілік метрология күнін жариялайтын қарар қабылдады

 Қазақстан Республикасының бастамасымен ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясының Жаратылыстану ғылымдары жөніндегі комиссиясы бірауыздан 20 мамырды Дүниежүзілік метрология күні ретінде жариялайтын қарар қабылдады.

Атаулы күн әртүрлі елдерде метрологиялық стандарттардың бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған және бүгінде әлемдегі қолданыстағы ең ескі халықаралық шарттардың бірі болып табылатын 1875 жылғы Париж Метр конвенциясының қабылдануына арналған.

Комиссия отырысында сөз сөйлеген Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов ұйымға мүше мемлекеттерге осы бастаманы қолдағандары үшін ризашылығын білдірді.

Оның айтуынша, «Метрологтар қауымдастығының кәсіби мерекесіне БҰҰ деңгейінде халықаралық мәртебе беру бүкіл әлемдегі адамдардың күнделікті өміріне көп жағдайда көрінбесе де іс жүзінде зор ықпал ететін осы маңызды ғылым саласының жоғары беделін одан әрі нығайтады деген түсінікке сүйене отырып, Қазақстан осындай қарарға бастамашылық етті».

«Біз Қазақстанда биыл еліміздегі алғашқы метрологиялық мекеменің 100-жылдығын атап өткен және осы ғылымды ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейде дамытуға өзінің лайықты үлесін қосып келе жатқан метрологтардың мықты кәсіби қоғамдастығының белсенділігін мақтан тұтамыз», – деп атап өтті отандық дипломат.

Ұйымға мүше 43 мемлекет еліміз бастамашылық еткен қарардың бірлескен авторы атанды.

Халықаралық метрологиялық қоғамдастық атынан отырыста Дүниежүзілік салмақ және өлшем бюросының директоры Мартин Милтон сөз сөйлеп, Қазақстан мен ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттерге 2025 жылы Метр конвенциясының 150 жылдығын мерекелеу қарсаңында метрологияны дамытудың маңыздылығына бүкіл әлемде қосымша назар аударуға мүмкіндік беретін құнды бастамасы мен қабылданған шешімі үшін алғыс білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1981 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2681
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Раимбек Баталов: санкции, переезд российского бизнеса, помощь предпринимателям

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить