Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін «Самұрық-Қазына» қорының басқарма кеңесін таратып жіберді.
«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Президенті қор туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін құжатқа қол қойған.
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы заңда 6-1-бап (қорды басқару жөніндегі кеңес) алынып тасталсын» делінген жаңа құжатта.
Қорды басқару жөніндегі кеңес – қор қызметінің бәсекеге қабілеті мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган еді.
Вам может быть интересно: «Зеленский: Украина перехватила у России инициативу в Черном море»
