Министр жеке құжаттардың ірі платформаларда ашылуы мүмкіндігіне қатысты түсінік берді

Қазақстанның ірі платформаларда мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәжірибесін халықаралық ұйымдар оң бағалады. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Бағдарлама барысында жеке мәліметтерді жекеменшік қаржылық ұйымдарға (Kaspi.kz, Halyk платформалары) беру қаншалықты дұрыс болғаны туралы сұрақ қойылды.

«Мәселен, eGov.kz қосымшасына кірген кезде «Kaspi.kz платформасына цифрлық құжаттар туралы мәліметтерді беруге рұқсат бересіз бе?» деген сауал болады. Сіз аталған платформада құжаттар туралы деректердің болуына өзіңіз рұқсат берсеңіз, дәл солай осы рұқсатыңызды кері қайтарып алуға болады. EGov.kz қосымшасында осындай мүмкіндіктер бар», - деді Б.Мусин.

Министр Kaspi.kz немесе Halyk платформаларының қосымшаларына қосылған кезде «мемлекеттік қызметтер» деген батырма болатынын еске салды.

«Тиісті сілтемені басқан кезде, «еGov.kz-ке осы мәліметтерді Kaspi.kz-ке қондыруға рұқсат беремін» деген хабарлама аласыз. Осы батырманы баспасаңыз, сіздің құжаттар мемлекеттік дерекқордан басқа платформаларда ашылмайды», - деді ведомство басшысы.

Бұл тұрғыда ол Қазақстандағы осы тәжірибені халықаралық ұйымдар зерттеп, мұны дұрыс бағыт екенін растағанын айтты.

«Сондықтан бұл тәжірибе халықаралық деңгейде оңтайлы бағаланып, басқа да мемлекеттерде іске асыруға болатынын ұсынды. Ресейде, Өзбекстанда және басқа да елдерде осыны нұсқаулық ретінде алып отыр», - деді Бағдат Мусин.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
16300 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4338
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3054
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3795
8 октября родились
Ержан Кистафин
посол Казахстана в Исламской Республике Пакистан
Ерлан Байжанов
посол Республики Казахстан во Вьетнаме, Камбодже и Лаосе
Борис Уманов
председатель правления АО «Страховая компания «Евразия»
Forbes Video

Бизнесмен из списка Forbes – о резком росте цен, проблемах бизнеса и недостатках правительства

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить