Жанқош Тұраров Алматыда жапондық боксшымен титулдық жекпе-жек өткізеді

10 желтоқсан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дүбірлі бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жек — бұған дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров пен әлемге әйгілі жапон боксшысы Акихиро Кондо кездесуі, деп хабарлайды Kazinform.

Жанқош Тұраров кәсіпқой рингте 27 рет жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 20-сында қарсыласын нокаутпен тізе бүктірген. Бұл жолы әлемге танымал, көп дүркін Жапония және Азия чемпионы Акихиро Кондомен (37-11-2, 21 КО) жұдырықтасады.

Боксшылар IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы мен WBA Gold World чемпиондық белдіктерін сарапқа салады.

Бұдан бөлек, шаршы алаңға Виктор Коточигов, Балауса Мұздыман, Елшат Нығметолла, Елхан Табынбаев сынды отандастарымыз шығады.

Айта кеткен жөн, Жанқош үшінші рет қатарынан желтоқсан айында жылдың қорытынды жекпе-жегін өткізіп келеді. 2021 жылы отандасымыз Абдумонем Саидті тізе бүктірсе, 2022 жылдың желтоқсанында бұрынғы әлем чемпионы Луис Энрике Ромероны нокаутқа жіберген болатын.

10 желтоқсан күні бокс жанкүйерлері Тұраров пен басқа да қазақ боксшыларына қолдау білдіру үшін билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан ала алады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
13419 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4338
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3057
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3795
8 октября родились
Ержан Кистафин
посол Казахстана в Исламской Республике Пакистан
Ерлан Байжанов
посол Республики Казахстан во Вьетнаме, Камбодже и Лаосе
Борис Уманов
председатель правления АО «Страховая компания «Евразия»
Forbes Video

Историк Радик Темиргалиев о том, когда казахи стали казахами

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить