Екі жыл ішінде 638 млрд. теңгеге кәсіпкер әйелдердің 17 мыңға жуық жобасы субсидияланды

Астанада Қазақстан ауыл әйелдерінің VI республикалық форумы өтті. Іс-шара еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам кәсіпкер әйелдердің басын біріктірді.

Өз сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков атап өткендей, бүгінде мемлекет бизнесті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында ауқымды мемлекеттік қолдау шараларын қабылдап жатыр. Кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін қаржылық және қаржылық емес шаралар ұсынылады.

-2022 жылдың және биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша кәсіпкер әйелдердің 638 млрд. теңгеге 17 мыңға жуық жобасы субсидияланды, 114 млрд.теңгеге 13 мыңға жуық жоба кепілдендірілді. Осы кезеңде 147 мың кеңес берілді, - деді ол.

Сондай-ақ, елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 20 орталық жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 7 мыңнан астам кеңестер беріліп, түрлі қызметтер көрсетілді.

Өңірлерде «Бір ауыл - бір өнім» жобасы табысты іске асырылуда. Оның мақсаты – жергілікті қоғамдастықтың әлеуетін дамыту әрі нығайту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру. Қазіргі таңда жоба нарықтық әлеуеті бар өңірлердегі ең перспективалы тауарларды анықтауға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Жалпы, «таза парақтан» реттеу саясаты және жаңа Салық Кодексі бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға, әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.

-Осылайша, қолданыстағы ынталандыру шараларын сақтай отырып, бизнесті қолдаудың жаңа бағыттарын ұсынамыз, - деп түйіндеді вице-министр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2300 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Галим Хусаинов: санкции, Kaspi, исход российских банков, прощение кредитов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить