Ұлытауда агроөнеркәсіптік кешеннің 6 инвестициялық жобасы іске қосылмақ

Ұлытау облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында 230-дан астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 7 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Бұл туралы өңір басшысы ОКҚ-де өткен брифингіде айтты.

«Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, логистикалық шығындардың жоғары болуына және ірі агро құрылымдарының жоқтығына байланысты еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең жоғары бағалар бізде. Облыс өзін тек үш өнім түріммен қамтамасыз етеді, қалған түрлері көршілес облыстардан әкелінеді.
Осыған байланысты агроөнеркәсіптік кешен саласында 230-дан астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 7 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген»,- деді Берік Әбдіғалиұлы.

Облыс басшысының айтуынша, осы шаралар аясында Жаңаарқа ауданында мал сою цехы бар 10 мың бас малға арналған мал шаруашылығы кешені, Жезқазған қаласында құс етін өндіретін құс фабрикасы, Сәтбаев қаласында құс етін қайта өңдеу цехы ашылып, Жезқазған қаласындағы ұн тарту кешені жаңғыртылады. Сондай-ақ, кемінде 400 га алаңда картоп пен көкөніс өсіру, 100 га алқапта жем-шөптің ауыспалы егістерін құра отырып, құрғақшылыққа төзімді жемшөп дақылдарын өсіруді енгізу жоспарланып отыр.

Бұл жобаларды жүзеге асыру ішкі нарықты құс етімен, сүт өнімдерімен, картоппен және көкөніс өнімдерімен 30%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өңірдегі бағаны тұрақтандыру үшін өңірлік Тұрақтандыру қоры құрылып, 4,5 мың тоннадан астам өнім сатып алуға 1,6 млрд теңге бөлінді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге жылдық 2,5 пайызбен 440 шағын несие берілсе, бүгінгі таңда 3,3 млрд теңгеге 415 өтінім қабылданған. Оның ішінде 1,3 млрд теңге болатын 162 өтінім мақұлданды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3844 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Бейбит Алибеков: как совмещать luxury-жизнь и активную гражданскую позицию?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить