Президент Ауыл шаруашылығы министріне саланы 5 жылда дамудың жаңа белесіне шығаруды жүктеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Президентке еліміздің ауыл шаруашылығы секторының биылғы 10 айда атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бекітілген міндеттердің орындалуы туралы баяндалды, сондай-ақ аталған саланы одан әрі жетілдіруге қатысты жоспар таныстырылды.

Айдарбек Сапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жиын-терін науқанының қорытындысы, биыл отандық шаруалардың қиын жағдайда жұмыс істегені және Үкімет қабылдаған қолдау шаралары жайында айтты.

Кездесу соңында Президент министрге саланы 5 жыл ішінде дамудың жаңа белесіне шығару, соның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру жөнінде міндет жүктеді. Ол үшін аталған салада мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге, шаруаларды жеңілдетілген қаржымен және субсидиямен қамтамасыз етуге, егіс алқаптарын әртараптандыруға және ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға бағытталған құрылымдық және институционалдық реформалар жүргізу қажет.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4044 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: о росте цен на жилье и пенсионных накоплениях казахстанцев

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить