Биыл 11 мыңнан астам жұмыс беруші жұмыскерлерінің жалақысын 5 пайыздан 50 пайызға дейін көтерді

Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 940 кәсіпорнында 6,3 млрд теңгеден астам сомаға 24 мың қызметкердің алдында жалақы бойынша берешегін анықтаған. 20 қарашадағы жағдай бойынша, 34 кәсіпорынның 1,9 мыңнан астам қызметкердің алдындағы жалақы бойынша берешегі 910 млн теңгені құрап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім етті.

«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 22 мыңнан астам қызметкерлердің құқықтары қорғалды. Оларға 5,4 млрд теңге төленді. Еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге 1224 ұйғарым беріп, 170 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды», – деп нақтылады ведомство өкілі.

Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша кәсіпорындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін хабарлады.

«Осы жұмыстың нәтижесінде еліміздің ірі және орта кәсіпорындарының 11 мыңнан астам жұмыс берушісі 5-тен 50%-ға дейінгі мөлшерде 2,9 млн-нан астам жұмыскердің жалақысын көтерді», – деп қорытындылады өз сөзін спикер.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3849 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Бексултан Казыбек: Aminokka в Disney, BIP House в США, сумасшедшая фанатка и встреча с министром

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить