ЕХӘҚМ: еңбек жанжалдары кезінде ЖАО, жұмыс беруші және кәсіподақтардың бірлескен іс-қимылының алгоритмі пайдаланылады

Кәсіпорындардағы еңбек жанжалдарының алдын алу, жалақының уақытылы және толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірқатар жүйелі шаралар қабылдауда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім етті.

Ол ҚР кәсіпорындарында қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың сақталуы туралы айтты.
Бірінші жүйелі шара – еңбек жанжалдарының алдын алу және шешу жөніндегі Үкімет бекіткен кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру. Еңбек жанжалдары кезінде уақытылы ден қою үшін жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушінің және кәсіподақтардың бірлескен іс-қимыл алгоритмі қолданылады.

«Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар және Қызылорда облыстарында өңір әкімдерінің төрағалығымен еңбек қатынастары саласында ведомствоаралық штабтар жұмыс істейді. Соңғы уақытта наразылық акциялары көбінесе Маңғыстау облысында өтіп жатқанын және «ҚазМұнайГаз» АҚ кәсіпорындары негізінен сонда шоғырланғанын ескере отыра, аймақта еңбек қатынастары мәселелерімен айналысатын арнайы өкілдік ашылды. Әр өңірде ұжымдық еңбек даулары туындаған кезде бірлескен жедел іс - қимыл жасау үшін ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, ішкі істер органдарымен және әкімдіктермен өзара ақпарат алмасу ұйымдастырылды», – деді ведомство өкілі.

Бұған қоса, министрліктің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен еншілес кәсіпорындарда қызметкерлермен жұмыс істеу менеджментін жақсарту туралы Жол картасына қол қойылды. Бір жылдан астам мерзімге келісімшарттар жасасуға біртіндеп көшу қамтамасыз етілуде. Бұл – наразылық акциясына қатысушылар қойған талаптардың бірі. Ахуалдық орталық шеңберінде ықтимал тәуекелдерді ерте анықтаудың скорингтік моделі енгізілуде, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату мәселесі пысықталуда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3768 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Как заработать на козах

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить