Қостанай облысы мен Ақтауда қолайсыз ауа райына байланысты балалар онлайн оқиды

Ақтау қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты І кезеңдегі сабақтар онлайн өтеді. Бұл туралы қалалық білім бөлімінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

- Ақтау қаласындағы 28 мемлекеттік мектепте ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымдағы сабақтар онлайн өтеді. Ал тасымал қызметі бар 23 жеке мектепте сабақ болады, - деді Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Тоты Күлметенова.

Ал бүгінгі ІІ ауысымдағы сабақтың қай форматта өтетіні қосымша хабарланады.

Сонымен қатар Қостанай облысындағы кей мектептер ауа райына байланысты қашықтан оқытады.

Kostanaynews агенттігіне ақпаратты облыстық білім басқармасы растады.

«Жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты Арқалық, Лисаковск және Бейімбет Майлин аудандарындағы барлық мектепте бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Қарабалық, Науырзым, Амангелді және Денисов аудандарындағы мектептер ішінара ауыстырылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты балаларды мектепке тасымалдау мүмкін болмады. Бүкіл аудандық білім бөлімдері ауа райын қадағалап отыр, қажет болған жағдайда қашықтан оқыту форматына көшіру жалғасады», - деді ведомстводан.

Екінші ауысымдағы сабаққа қатысты ақпарат кейін белгілі болады. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2229 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить