Мемлекеттік қызметтердің 92% электронды түрде көрсетіледі - МҚІА төрағасының орынбасары

Мемлекеттік қызметтердің сапасы олардың тұрақты жетілдіруіне тікелей байланысты. Осы бағытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Үкіметке бірқатар ұсыныстар әзірледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында агенттік төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мәлім етті. Ол аталған ұсыныстарды атап өтті. Яғни, 110 мемлекеттік қызметті проактивті форматқа ауыстыру, бір өтініш қағидаты бойынша композиттік форматта 75 мемлекеттік қызметті көрсету, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігін ескере отырып, анықтамалық сипаттағы 38 мемлекеттік қызметтерді талап етуді алып тастау бойынша ұсыныстар топтамасы енгізілген.

«Талдау аясында 64-ке жуық жасырын мемлекеттік қызмет анықталды, оларды жақын арада тиісті реестрге қосып, қажетті стандарттарын бекіту ұсынылды», – деп тоқталды спикер.

Оның ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес 1353 мемлекеттік қызмет бар, оның 1247-сі немесе 92% электронды түрде. 106-сын қағаз түрінде көрсету мүмкіндігі қарастырылған.

Алайда агенттік өкілі цифрлық қызметтердің сапасы бөлек мәселе екенін атап көрсетті. Оның айтуынша, бұл ретте Үкімет назар аударуға тиіс бірнеше мәселе бар.

«Электронды үкімет порталында 22 мемлекеттік қызметтің әлі күнге дейін қолжетімсіздігі, 50 мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ақпараттық жүйелер өзара интеграцияланбағандығы, 60 мемлекеттік қызметті көрсету барысында ақпараттық жүйелер функционалдарының кемшіліктері анықталды. Өкінішке орай, 32 мемлекеттік қызметті көрсету барысында ақпараттық жүйелердің тұрақты түрде техникалық ақаулары орын алуда», – деп нақтылап өтті МҚІА төрағасының орынбасары.

Ол бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанбауына әкеп соғатынын жеткізді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3836 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Руслан Шаекин: Миллионер из Караганды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить