Абай облысының бес жылға арналған инвестициялық жобалар пулына жалпы сомасы 1,4 трлн теңгенің 44 жобасы енді

Абай облысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспары іске асырылуда. Ондағы инвестиция көлемі – 1,9 трлн теңге, 102 іс-шара қаралған. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында есеп берген өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев осындай мәлімет келтірді.

«Биыл 89,2 млрд теңгеге 45 іс – шараны іске асыру жоспарланған. Тиісті жұмыстар басталды. Бес жылға арналған инвестициялық жобалар пулы жасақталды. Оған 8 мың жұмыс орнын қамтитын, 1,4 трлн теңгенің 44 жобасы енді. Биыл 600 жаңа жұмыс орны бар 3 жоба іске қосылды. Құны – 19,1 млрд теңге», – деп нақтылады аймақ басшысы.

Оның айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенде 5,3 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асты. Жылдың аяғына дейін, өңдеу өнеркәсібінде 11,9 млрд теңгеге, 150-ге жуық жұмыс орны бар ашылады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланбаған жерлерді қайтару жұмысы жалғасуда. Бүгінде жалпы ауданы 387,9 мың гектар жер учаскесі анықталды. Оның 157 мың гектары қазіргі таңда қайтарылды. Қалған 97 мың гектар жыл аяғына дейін алынып, жылдық жоспар толық орындалады, деді әкім.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4163 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Как казахи хотели Чингисхана «украсть»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить