Үкіметте азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту шаралары талқыланды

ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту мәселелері талқыланды. Оған орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың басшылары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне 3,3 млн қазақстандық тартылады. Азаматтардың 15 санаты, оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін тиісті жарналар мемлекет есебінен аударылады. Жұмысты үйлестіру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жанында жобалық кеңсе құрылды, аймақтарда штабтар құрылып, шаралардың бірыңғай алгоритмі жасалды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Әбілқайыр Сқақовтың сөзінше, жүйемен қамтылмағандар жөнінде мәліметтер өңірлерге жолданды.

Алайда кейбір аймақтар әлі де шараларды жүзеге асыруға кіріспеген. 8 өңірде аудандық штабтар құрылмаған, халықпен жұмыс басталмады. Вице-премьер аталған бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

«Тапсырма барлық аймақтарға бірдей берілді. Жұмысты ұйымдастыру үшін облыстарға бір апта мерзім беріледі. МӘМС жүйесінен тыс қалып қойған азаматтардың арасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандар да болуы мүмкін. Медициналық қызметке, профилактикалық скринингтерге қолжетімділікті арттыру үшін әрбірінің мәртебесін анықтауымыз керек. Бұл азаматтарымыздың денсаулығына қатысты маңызды мәселе», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3981 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: о росте цен на жилье и пенсионных накоплениях казахстанцев

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить