АШМ ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын өзектендірді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын өзектендірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Біріншіден, құжатта бастапқы өндірістен анағұрлым жоғары қайта өңдеу өнімдерін шығаруға кезең-кезеңмен көшу және үш жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнім үлесінің 70%-ға дейін ұлғайғаюы туралы хабарланды. Сондай-ақ Тұжырымдамада:

қайта өңдеуді ынталандыру үшін салық саясатын қайта қарау;

отандық агрофирмаларды ірілендіруді ынталандыру, сондай-ақ өзара тиімді жағдайларда трансұлттық корпорацияларды белсенді тарту;

ет, сүт және астықты терең өңдеу бойынша басым және перспективалық бағыттарды айқындау, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту;

құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын және етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын және суару жөніндегі жобаларды салуға Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату арқылы ірі тауарлы сүт фермаларын салуды жалғастыру;
отандық техника өндірушілер мен фермерлердің мүдделерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын жылына 8-10%-ға дейін жеткізу;

отандық тауарларды шетелдік нарықтарда ілгерілету үшін шаралар қабылдай отырып, экспорт географиясын жоспарлы түрде кеңейту;

егістіктерді әртараптандыруды, рентабельді дақылдардың ауданын ұлғайтуды, су сыйымдылығы мен мономәдени егістерді қысқартуды қамтамасыз ету;

фермерлерді отандық тұқымдармен қамтамасыз ету, жаңа өнімді сорттарды шығару және өсіру.

Екіншіден, Тұжырымдама «Ауыл аманаты» бағдарламасын одан әрі іске асыру шеңберінде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялауды ынталандыруға бағытталған.

Үшіншіден, құжатта аграрлық ғылымды дамыту шараларын қабылдау туралы баяндалған, оның ішінде:

танымал шетелдік аграрлық ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату;

жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдау және білім беру бағдарламаларын аграрлық сектордың қажеттіліктеріне бейімдеу;

ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын интеграцияланған агротехнологиялық хабқа айналдыру.

Төртіншіден, жаңартылған тұжырымдама «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жаңартылған стратегиясын іске асыруды қамтамасыз етуді өзектендірді.

Бұдан бөлек, стратегия ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және сатудың толыққанды желісін құрғанда жекеменшік нарықты қолдау жөніндегі мандатты, сондай-ақ бағаның өсуін тежеу үшін интервенцияны жүзеге асыруды көздейді.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3854 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Владелец Line Brew: первое за 10 лет интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить