ШҚО-да туристік маршруттар бойынша алғашқы панорамалық вагондар іске қосылады

Ағымдағы жылдың 10 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша жолаушылар ағынының тұрақты өсімі байқалады.

Жолаушылар көлігімен 68,2 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артық.

Елді мекендерді тұрақты қатынаспен қамту үлесі 75% немесе 226 елді мекенді құрайды.
150 облысішілік әлеуметтік маңызды қатынастар жұмыс істейді. Облыс бойынша барлығы 182 тұрақты маршрут жұмыс істейді: оның ішінде 173 - автобус, 4 - теміржол, 4 - авиа және 1 су бағыты.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың, барлық санаттағы көпбалалы аналардың, I топтағы мүгедектігі бар адамдардың тегін және жеңілдікпен жол жүруі қарастырылған.

Электрондық билеттеу жүйесі және «Oskemen bus» қоғамдық көлік қозғалысын онлайн бақылау бағдарламасы жұмыс істейді. Электронды жол жүру ақысы қолданыла бастағаннан бері жолаушылар ағынының өсуі байқалады (2022 жылы - 48,3 млн адам, 2021 жылы - 26 млн адам, 1,8 есе өсім).

Өскемен қаласының тасымалдаушылары маршруттарды субсидиялау есебінен қоғамдық көліктерді жаңартып жатыр. 101 автобус сатып алынды, оның ішінде ағымдағы жылы – 30 автобус. Өскеменнің қоғамдық көлігінің тозуы 70% -ды құрайды.

Риддер қаласының қоғамдық көлігін жаңарту басталды, 5 автобус сатып алынды, тағы 15 автобус сатып алу пысықталуда.

Шемонаиха және Глубокое аудандары тұрғындарының ұсынысы бойынша жылына 50 мыңнан астам жолаушыны қамтитын «Өскемен-1 - Шемонаиха» жаңа субсидияланатын теміржол бағытын іске қосу мәселесі зерделенуде.

«Облыс тұрғындарына, әсіресе алыс аудандарға әуе тасымалы қызметтері қолжетімді болуы тиіс. Бұл үшін облысішілік авиамаршруттардың санын арттыру қажет. ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Зайсан, Катонқарағай аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп Қатонқарағай ауылының әуежайын қайта жаңартуға және Зайсан ауданындағы (Сәтпай) әуежай құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кірісуді тапсырамын», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.

Аймақ басшысының тағы бір тапсырмасы Шығыс Қазақстанның туристік тартымдылығын дамытуға қатысты болды. Ермек Көшербаев «Өскемен-1 - Алтай» бағытында панорамалық вагондарды іске қосу мәселесін пысықтауды тапсырды. Алғашқы панорамалық вагондарды келесі жылы іске қосу жоспарланған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2231 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Кунсулу Закарья: Биолаборатории, новый всплеск ковида и учёные без денег

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить