Ақтауда кезекті заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Ақтауда 19-шағынаудандағы № 12 жер телімінде орналасқан «Crystal City» тұрғын үй кешені сүрілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде құрылыс салушы «Берекет-Ф» ЖШС тиісті рұқсат құжаттарынсыз, жобалау-сметалық құжаттамасы бекітілмеген, яғни Қазақстан Республикасындағы сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 68-бабына сәйкес құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарын сақтамай, құрылыс нысанын салып жатқаны белгілі болды.

Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Алғадай Қоштаевтың айтуынша, аталған мердігер мекемеге 2022 жылғы 15 қарашада құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылуы тиістігі жөнінде нұсқама берілген. Алайда құрылыс компаниясы оны елемеді.

- Ақтауда қажетті рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген заңсыз нысандар құрылысына тосқауыл қою мақсатында нақты шаралар іске асырылуда. Көптеген талап арыздар заңсыз құрылысты тоқтату мақсатында сотқа жіберілді. Осы объектінің сот шешімі заңды күшіне енді. Бүгін сот шешімінің атқару парағы орындалып жатыр. Сондай - ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да объектілерді мәжбүрлеп бұзу шаралары қабылданады,-деді Алғадай Қоштаев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2270 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Лилия Рах: Из деревни - к звёздам мировой индустрии моды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить