325 босқын Қазақстаннан пана тапты

Бүгінгі күнде Қазақстанда 5 елден келген 325 босқын тұрады. Республика аумағын паналаған барлық шетелдіктер Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес мемлекет тарапынан қорғаумен және қолдаумен қамтамасыз етілген.

1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның 1951 жылғы «Босқындар мәртебесі туралы» конвенциясына (бұдан әрі – Конвенция) ресми түрде қосылып, өзіне белгілі бір міндеттемелер алды.

Қазіргі уақытта республикада Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан келген 325 босқын тұрады. Олар елден шығарылмау бойынша қорғалған.

Босқындармен жұмыс жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанында ұлттық заңнама нормаларын Конвенция ережелерімен имплементациялау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және халықаралық қоғамдастықтың, оның ішінде БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының сарапшылары кіреді.

Жұмыс тобы босқындарға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктермен тең дәрежеде медициналық көмекке, білім алуға және әлеуметтік көмекке қолжетімділік беру жөнінде ұсыныстар әзірледі. Бұл ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдардың қарауында.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2972 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: Каждой семье - по квартире!

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить