Түркістан облысына ирандық инвестор инвестиция салуға ниетті

Түркістан облысына жан-жақтан инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Иран елінен келген делегациямен кездесіп, инвесторлармен жаңа жобаларды талқылады. Ирандық «Solico Group» компаниясының өкілдері Түркістан облысында сүт өнімдерін өндіретін зауыт салуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге ниетті. Инвестордың жобасымен танысқан Ермек Кенжеханұлы өңірде инвестициялық жобаларға жасалған мүмкіндіктер туралы тоқталды.

– Түркістан облысында бүгінде 9 индустриалды аймақ бар. Онда бірқатар жобалар жүзеге асқан. Түркістан облысы – өндіріс орындарын ашуға қолайлы өңір. Ауа-райы – жылы, халқы – еңбекқор. Экономиканы дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға ашықпыз, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, «Solico Group» – 2000-нан астам өнім санатын ұсынатын Таяу Шығыстағы ең ірі тамақ өнеркәсібіндегі компаниялардың бірі. Сүт, ет, сусындар, спорттық тамақтану және тағы басқа өнім түрлерін өндірумен айналысатын компанияның әлем бойынша бірқатар кеңселері бар. Атап айтқанда, Иран аумағында 12 өндіріс орны, Ирак аумағында 2 өндіріс орны және әлем бойынша 30 қалада кеңселері бар.

Кездесу нәтижесінде екі тарап ауыл шаруашылығы саласында өзара ынтымақтастық құруға уағдаласты. Түркістан облысына инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2704 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4338
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3054
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3795
8 октября родились
Ержан Кистафин
посол Казахстана в Исламской Республике Пакистан
Ерлан Байжанов
посол Республики Казахстан во Вьетнаме, Камбодже и Лаосе
Борис Уманов
председатель правления АО «Страховая компания «Евразия»
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить