Ш.Айтматов көшесі бойымен Сығанақ көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі учаскенің ашылуы Тұран даңғылындағы көлік жүктемесін 15%-ға төмендетті. Бұл көрсеткіш CTS зияткерлік көлік жүйесі (ITS - көлік ағынын басқару жүйесі) арқылы жүргізген деректерге сәйкес анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Уақытты ұтымды пайдалану және кептелісте тұрып қалмау үшін жүргізушілер бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Естеріңізге салайық, 17 қарашада Айтматов көшесі бойымен Сығанақ көшесінен Ұлы дала даңғылына дейін шығатын қозғалыс екі бағытта ашылды.
Қазіргі уақытта бұл учаскедегі қозғалыс 4 жолақ бойынша: екеуі – бір жаққа, екеуі – кері бағытта жүзеге асырылады, келешекте 8 жолақты болады. Ш.Айтматовтың жаңа бөлігі Қабанбай батыр даңғылы, Сығанақ көшесі, қаланың жаңа бөлігіндегі Қ. Мұхамедханов көшесінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
Ұлы Дала даңғылына шығатын Ш. Айтматов көшесінің жалғасын салу бойынша жұмыс 2024 жылы жүргізілетін болады.
