Жетісуда өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі өңдеу секторының үлесі - 80%

 

Жетісу облысы құрылғаннан бері 23 жаңа кәсіпорын іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 5-і кеңейтілген, 759 жаңа жұмыс орындары ашылған. Ал биыл құны 39 млрд. теңге болатын 12 кәсіпорын іске қосылып, 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Бұл жайлы бүгін журналистерге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Астана қаласында өткен брифингіде айтып берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Баяндамашының айтуынша, өңірде өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі өңдеу секторының үлесі 80%-ға жеткен. Облыста негізгінен ашытқы (уыт), электрлі аккумуляторлар, жоғары вольтты электр тарату желілеріне арналған темір бетонды және металл тіректер өндіріледі. Биыл 12 жаңа кәсіпорын пайдалануға беріледі. Соның ірілері – керамикалық плиталар шығаратын «Алмаз Керамикс» кәсіпорны, күн панельдерін шығаратын «Майами Солар» кәсіпорны және «EcoWattAKA» компаниясының жел электр стансысы.

Ал «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен «Қорғас» ХШЫО – облыстағы даму нүктесінің бірі. Мұнда қазір 2030 жылға дейін жалпы инвестиция көлемі 622 млрд.теңге болатын 52 жобаны іске асыру жоспарлануда.

- Тау-кен саласын дамыту шеңберінде құны 1,3 трлн. теңге болатын, 2 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын металлургия комбинатының құрылысы жүргізіле бастаған. Оның қуаты жылына 860 мың мыс концентратын өндіруге жетеді. Қазіргі кезде құрал-жабдықтар мен тауарларды сақтайтын қоймалар мен басқа да техникалық ғимараттар салынып бітті. Комбинаттың құрылысы 2025 жылы басталып, 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған, - деді спикер.

Жалпы облыстың 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфеліне құны 2,2 трлн. теңге болатын, 9 мыңнан астам жұмыс орнын құратын 184 жоба енгізілген.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4860 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Марат Баккулов: бизнес, который невозможно отобрать

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить