Биыл қаңтар–қазанда елде 40 мың тонна жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық өндірілді, бұл былтырғыдан 0,8% аз. Негізгі өнім Шығыс Қазақстан, Түркістан және Атырау облыстарында: тиісінше 10,8 мың, 8,8 мың және 8,5 мың тонна, energyprom.kz деп хабарлайды.
Дайындалған немесе басқа жолмен консервіленген балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірісі 11,4 мың тоннаға жетіп, былтырғымен салыстырғанда бірден 28,7% көбейді. Бұл өнімдердің басым бөлігі Түркістан облысында өндірілді: 5 мың тонна, 45,3% көбейген. Үздік үштікке сондай-ақ Батыс Қазақстан (2,5 мың тонна, бір жылда 13,5% азайған) және Шығыс Қазақстан (1,1 мың тонна, 62% көбейген) облыстары.
Биыл қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар өңделген және консервіленген балық, шаян және моллюскаға сұраныстың 47,5%-ын қамтамасыз етті, былтыр көрсеткіш 54,2% болған. Елімізге 51,7 мың тонна өнім импортталды — былтырғыдан 39,9% артық. Осы кезеңдегі өндіріс 46,8 мың тоннаны құрады, бір жылда 7,2% көбейген.
Бұл ретте елден ресурстың 17,7%-ы экспортталды: 17,4 мың тонна, бір жылда 8% көбейген.
Ішкі нарықтағы сату бірден 25,7% өсіп, 81,1 мың тоннаға жетті.
Биыл қазанның соңында ҚР-да балық пен теңіз өнімдері бір жылда 14,5% қымбаттады. Оның ішінде жаңа ауланған немесе мұздатылған балық пен теңіз өнімдері 18,3%, өңделген және консервіленген балық — 10,1% қымбаттады.
Өңірлер бойынша балық пен теңіз өнімдері Ұлытау облысында айтарлықтай қымбаттады: 30,3%. Одан кейін Түркістан облысы (21,4%) және Шымкент (21%).
