Қазақстан мен Эстония өзара әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуда

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Эстония Республикасы Сыртқы істер министрлігінің канцлері Йонатан Всевиовпен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында тараптар саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайту, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту, парламентаралық серіктестікті жандандыру, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ аясындағы және Еуропалық Одақпен ынтымақтастық контекстінде өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сұхбаттастар екі ел арасында барлық деңгейде мазмұнды саяси диалог жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы тұрғыда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Эстония Республикасының Президенті Алар Каристің БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясындағы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға дайындығын растады.

Сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелері келіссөздердің маңызды тармағы болды. Тараптар екіжақты тауар айналымы даумының оң серпінін және екі елдің іскерлік топтары арасындағы белсенді өзара іс-қимылды атап өтті.

Р. Василенко «Орта дәлізді» дамытуды, сондай-ақ цифрландыру мен «жасыл» экономиканы қоса алғанда, көлік және логистика сияқты Қазақстан үшін басым салаларда Эстониямен ынтымақтастықты тереңдетудің өзектілігіне ерекше көңіл аударды.

Кездесу соңында тараптар қазақ-эстон қарым-қатынастарының барлық спектрі бойынша екіжақты диалогты барынша қолдауға және дамытуға дайын екендіктерін растады.

Анықтама: Екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың 9 айында 135,5 млн АҚШ доллар, 2022 жылы – 121,9 млн АҚШ доллар құрады. Қазақстанда эстондық капиталдың қатысуымен 70 жуық кәсіпорын жұмыc жасауда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3498 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Руслан Шаекин: Миллионер из Караганды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить