Шымкент қаласының көшпелі өңірлік комиссиясы тұрақты негізде қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын белгілеуге айтарлықтай ықпал ететін барлық сауда объектілерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді тұрақтандыру шеңберінде сауда нысандарының басшылығымен және комиссияның барлық қатысушыларымен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен жұмыс жүргізілуде», - деп хабарлады Шымкент қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде.
Жыл басынан бугінгі таңға 93 отырыс өткізілді, делдалдық схемаларды анықтау және сауда үстемеақыларын көтеру фактілері - 128. Сондай-ақ, комиссия жыл басынан бері барлығы-201 субъектісіне атап айтқанда, өндірушілерге-35, көтерме саудагерлерге-56, 101-үй жанындағы дүкендеріне мен 9-сауда желілері, бойынша электронды шот-фактураларға талдау жүргізілді. Сауда үстемесін көтерудің фактілері және анықталған делдалдық схема бойынша жұмыс атқарылуы барысында сауда қызметі субъектілерімен түсіндірме әңгімелері өткізіліп 39- фактілер бойынша бағалар заңмен қарастырылған сауда үстемесі шегінде төмендетілді.
Қазіргі уақытта бірқатар кәсіпкерлік субъектілерінің ЭШФ деректеріне, ӘМАТ-ты сатып алу және іске асыру бөлігінде талдау жүргізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиевтің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдарға азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды қарау жөніндегі комиссиялардың тиісті жұмысын жүргізу үшін жаңа алгоритм жолданды.
Комиссия-жұмыс тобына әкімдіктер, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменттері, экономикалық тергеу департаменттері, санэпидбақылау департаменттері, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері, мемлекеттік кірістер департаменттері, техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменттері сияқты ұйымдар кірді. Осы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың «Алгоритм» құрылды.
