Қазақстан қашан ақ қарға оранады

Желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде еліміздің басым бөлігін қар басады. Мұндай болжамды «Қазгидромет» РМК ұсынды.

«Қазақстанның басым бөлігінде қар жамылғысы желтоқсанның бірінші онкүндігінің соңында, ал республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында айдың екінші жартысында түседі деп болжануда. Желтоқсан айының басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ құбылыстары байқалады деп күтіледі. Ал солтүстік өңірлерде ұйытқыған жел мен жаяу бұрқасын соғуы ықтимал», - деп атап өтеді Қазгидрометтен.

Мекеме мәліметінше, желтоқсанның 5-і күнінен кейін оңтүстік аймақтарды қоспағанда елдің басым бөлігінде аязды ауа райы күтіледі. Қар жауып, бұрқасынды жел күшейеді. Термометр бағаны түнгі уақытта -10-20°С-қа, күндіз-3-10°С-қа дейін төмендейді деп болжанады.

Күз неге жылы болды?

Қазақстан аумағына тән емес жылы күз бен қыстың кеш келуі батыс және оңтүстік циклондардың жиі болуымен, сондай-ақ Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының келуімен байланысты. Осыған орай Қазақстан аумағындағы температуралық фон климаттық нормадан 3-10° С-қа жоғары тіркелді. Метеобақылау тарихында осы жылдың қараша айы өте жылы болды. Жылы ауа-райының жоғарғы шегі 17-18 қараша аралығында байқалды. Соңғы рет ауа райы жылы қараша айы 2010 жылы тіркелген еді. Сол кезде ауа температурасы нормадан 2-7° С-қа ауытқыды.

Мұндай құбылыс ел тарихында қашан байқалды?

Көпжылдық бақылауларға сәйкес, Астана қаласында қар жамылғысының ең кеш түсуі 1967 жылғы 15 желтоқсанда (56 жыл бұрын) және 2008 жылғы 14 желтоқсанда (15 жыл бұрын) тіркелді.

Тарихи деректерге сүйенсек, елордада қар жамылғысының ерте түсуі – 10 қазан, орташа түсуі – 10 қараша, ал кеш түсуі 15 желтоқсанда болды. Соңғы үш жылда – 2020, 2021, 2022 жылдары қарашаның бірінші онкүндігінің соңында, екінші онкүндігінің басында тұрақты қар жамылғысы тіркеліп, орташа қалыңдығы 8-13 см болды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2164 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Кризис логистики в Казахстане

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить