Креативті индустрия салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 10 жылда 74,2 мың адамға артып, 285 мың адамды құрады

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустрия саласын қолдау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер пакетін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жол картасы шеңберінде 2022 жылғы желтоқсан – 2023 жылғы ақпан айларында креативті жобалар питчингтері өткізіліп, 200-ден астам адам оқытылды.

Креативті индустрия салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 10 жылда 74,2 мың адамға артып, 285 мың адамды құрады. Олардың көбісі Алматы (7,3%), Астана (6,4%) және Батыс Қазақстан облысында (4%) тіркелген. Жалпы бұл салада 32 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Алматы, Шымкент, Атырау, Астана және Түркістан қалаларында 15-тен астам креативті хаб пен орталықтар құрылды.

Министрлік сонымен қатар Креативті индустрияны дамыту қорын құруды жоспарлап отыр, оның мақсаты – креативті индустриялар саласына қолдау көрсету, таланттарды қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді экспорттауға және коммерцияландыруға жәрдемдесу. Қазіргі уақытта Қордың жұмыс істеу тәсілдері пысықталуда.

Кейінгі жылдары Қазақстанда бай музыкалық мұраны сақтауға және заманауи музыканы насихаттауға бағытталған көптеген жобалар жүзеге асып келеді. Осы бағыттағы ең табысты жобалардың бірі – Нуми Мусалиеваның «Sazalem» жобасы.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап Нумидың командасы қазақстандық орындаушылардың заманауи және классикалық музыкасына арналған «Sazalem» мобильді платформасын әзірлеуде. Бір жыл ішінде жобаның дерекқоры 25 мыңнан астам шығармаға толып, 1 миллионнан астам платформа қолданушысы жүктеп үлгерген. Әзірлеушілер «Sazalem» жобасын Қазақстанның бай мәдени мұрасын жинайтын және сақтайтын, сондай-ақ, оны әлемге танымал ететін онлайн платформаға айналдыруды жоспарлап отыр.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4167 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Что будет с банком Bereke?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить