ҚР ҰЭМ мен Дүниежүзілік банк Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту перспективаларын талқылады

 Астанада ҚР Ұлттық экономика министрі, Қазақстаннан Дүниежүзілік банктің басқарушысы Әлібек Қуантыров ДБ (Дүниежүзілік Банк) өкілдерімен кездесу өткізді.

Дүниежүзілік Банктің консультанттар тобы «Орта сауда-көлік дәлізі: 2030 жылға қарай жүк тасымалы көлемін үш есе ұлғайту және жол жүру уақытын екі есе қысқарту үшін қажетті стратегиялық шешімдер мен инвестициялар» зерттеуінің негізгі қорытындыларын ұсынды.

Баяндамада көлікке сұранысты қанағаттандыру және Қазақстанда, Әзірбайжанда және Грузияда экономикалық дамуды қолдау үшін қажетті негізгі бағыттар мен инвестициялар айқындалған. Транскаспий маршрутындағы жүк тасымалының ағымдағы көлемін 3 есе арттыруға көмектесетін ықтимал шешімдерге талдау жасалды. Ақпараттық жүйелерді, су және теміржол көлігін оңтайландыру мәселелері талқыланды.

ДБ мәліметтері бойынша, ТХКБ (Транскаспий халықаралық көлік бағыты) басқару тиімділігін арттыру Еуропалық одақпен сауда көлемін 28%-ға, сондай-ақ Грузия және Әзірбайжанмен тауар айналымын 37%-ға ұлғайтады. Тауарлардың өткізу қабілетін арттыру үшін Түркия, Грузия, Әзірбайжан және Қытаймен үйлестіру перспективалары анықталды.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, құжаттың басым бағыттары біздің негізгі тасымал жолдарды әртараптандыруға және халықаралық сауданы дамыту үшін әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. ТХКБ ең перспективалы бағыттардың бірі болып табылады.

Өз кезегінде Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы Тұрақты өкілі Андрей Михнев осы бағытты дамытуға дайын екенін жеткізді.

Жиын соңында ҰЭМ басшысы Дүниежүзілік Банкке атқарылған жұмыстар мен әзірленген ұсыныстар үшін алғысын айтып, ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2409 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Нурлан Смагулов: Цены на авто, утильсбор, долги MEGA, «агашки», аукционы, бизнес за границей

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить