Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің 90% ҚР әуе кеңістігін күзету үшін тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарады

2023жылы Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 25-жыл толды. Елімізде халқымыздың ерлік дәстүрінің лайықты мұрагеріне айналған Қарулы Күштеріміздің заманауи жауынгерлік қабілеті қалыптастырылды және табысты дамып келе жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов мәлім етті.

Ол Әуе қорғанысы күштері Қарулы Күштердің жоғары технологиялық саласы екенін және оған құрылымдық жағынан әскери-әуе күштері және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің байланыс, материалдық және техникалық қамтамасыз ету бөлімдері, сондай ақ жоғары оқу орындары кіретінін нақтылады.

«Біздің басты міндетіміз – еліміздің әуе шекарасын күзету және қорғау, мемлекеттік, әкімшілік және әскери насындарды әуе шабуылынан қорғау. Сонымен қатар, бізге, Қарулы Күштердің басқа түрлері мен Қарулы Күштердің бөлімшелерін әуеден қамтамасыз ету, арнайы және антитеррорлық операцияларға қатысу бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындау жүктелген», - деді генерал-майор.

Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің 90% Қазақстанның әуе кеңістігін күзету үшін тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарады. Үстіміздегі жылы Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы барлық оқу-жаттығуларға қатысты. Жаңа техника алынды, жас ұшқыштар қатарға қосылды, инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқыту жалғасты.

«Егжей-тегжейлі айтатын болсақ, біз басқа да күштік ведомостволармен бірлесіп, армияны дамыту мен кәсібилендірудің, әскери қызметтің мәртебесі мен беделін арттырудың әскерлердің жауынгерлік даярлығы мен техникалық жарақтандырылуының сапасын арттырудың барлық аспектілері бойынша кешенді шараларды жүзеге асырудамыз, әскердің қоғамдағы, сондай-ақ халықаралық және әскери ынтымақтастық аясында беделін көтеруді іске асырудамыз», - деді генерал.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4147 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3991
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
Forbes Video

Андрей Звягинцев: откровенное интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить