Биылғы жылдың мамыр-қазан айларында Қызылағаш, Сарышаған, Оймаша полигондарындағы жару учаскесінде десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің инженерлік бөлімшелерімен бірлесіп, авиациялық құралдарды жою (жару әдісімен) және өртеу жұмыстары жүргізілді, қару-жарақ, зениттік басқарылатын бөліктердің бес жүзге жуығы 100% жойылды. Жұмыс барысында құрама жасақтардың жеке құрамы қауіпсіздік шараларын бұзған жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Дәурен Қосанов баяндады.
Генерал-майор жауынгерлік әзірлік жоспары бойынша қойылған сол тапсырмалар толық орындалғанын атап көрсетті. Бақылау органдарының жедел дайындық деңгейі қойылған міндеттерді мақсатты түрде шешуге мүмкіндік береді. Барлық қатысушылар үйлесімді жұмыс көрсетті, шешімдер ағымдағы жағдайға сәйкес келді.
«Әуе қорғанысы күштерін жарақтандыруға келетін болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен қайта қаруландыру бағдарламасына сәйкес авиациялық паркпен және Әуе шабуылына қарсы қорғанысы техникасын жаңарту жалғасуда. Қазақстандық тарап пен Еуропалық «Airbus Military» авиациялық концерні арасында жасалған келісім-шарт аясында авиция паркіне С-295 әскери-көлік ұшақтарымен толықты. Жаңа Ми-35 и Ми-171Ш көліктік және жауынгерлік тікұшақтар алынды. Осы жылдың соңына дейін «ТОР-2М» батареясы келеді деп күтілуде. Келесі жылдың басында алты Су-30СМ ұшағымен жабдықталатын боламыз. Бүгінгі күні бұл әлемдегі ең үздік көп мақсаттағы жауынгерлік ұшақ «Тор-М2К» ЗЗК және А-400М әскери-көлік ұшағы болып табылады», – деп мәлім етті спикер жоспармен бөлісе отырып.
Қазіргі заманғы шындық мәселелерді шешуге жаңа көзқараспен келуді талап етеді. Соңғы он жылдағы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі ұшқышсыз ұшу аппараттарының рөлі артып келе жатқанын және соның салдарынан әскери қимылдарды жүргізудің жаңа әдістерін қолдануды айқын көрсетеді.
«Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұшқышсыз ұшақтар паркін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Тамыз айында алғашқы «Anka» шабуылдау ұшқышсыз ұшақтары тәжірибелік әскери қолдануға кірді. Бұл бағыттағы жұмыс жақын арада да, ұзақ мерзімді қарқындауда да артады. Бүгінгі таңда бізде үлкен болмаса да, тапсырмаларды орындауға қабілетті Wing Loong-1, Anka және барлау Skylark ұшқышсыз ұшатын аппараттар паркі бар», – деді генерал.