Көлсайдың жанындағы Саты ауылы «Ең үздік туристік ауылдардың» қатарына енгізілді

Алматы облысы Қазақстандағы маңызды туристік өлкелердің бірі. 2023 жылдың жарты жылдығында ішкі туристер саны 13%-ке өсіп, 1,1 млн адамға жетті. Шетелдік туристер 12 есеге өсіп, 74 мың келушіні құрады. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы есептік кездесуде өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев осындай мәлімет келтірді.
Оның айтуынша, 2023-26 жылдарға арналған туристік мастер-жоспары әзірленген. Оның аясында туристер санын ұлғайтуға мүмкіндік беретін іс-шаралар атқару көзделген.

«Республикалық туристік картаға енген әрбір оныншы нысан біздің өңірде. Ағымдағы жылы 15 туристік аумақта 337 шақырым таулы соқпақтар мен маршруттарды абаттандыру жұмыстарын бастадық», – деп мәлім етті облыс басшысы.

Бұл ретте әкім Қытаймен арадағы визасыз режимді тиімді пайдаланып, туристерді көптеп тарту үшін Нарынқолда жаяу өткізу пунктін ашу жоспары барын айтты.

Сондай-ақ, туристер үшін ерекше тартымды Көлсай көлдерінің инфрақұрылымын дамыту, кәріз жүйелері мәселесін шешу қолға алынғанын жеткізді. Оның айтуынша, биыл демеушілердің есебінен тегін Wi-Fi нүктесі қосылып, бейнебақылау камералары орнатылды.

«Осы жерде Көлсайдың жанындағы Саты ауылы жақында Өзбекстанда өткен Дүниежүзілік туристік ұйымның кеңесінде «Ең үздік туристік ауылдардың» қатарына енгізілді. Бұл туризмді дамыту жұмыстарына берілген жоғары баға», – деп атап көрсетті Марат Сұлтанғазиев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4632 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3990
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
20 апреля родились
Каныш Избастин
бывший первый заместитель председателя правления НУХ «Байтерек»
Жомарт Сулейменов
продюсер, основатель и гендиректор National Development Group
Али Бектаев
председатель партии «Ауыл»
Forbes Video

Сможет ли война в Украине спровоцировать казахстанцев на новые массовые протесты

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить