Қазақстан Жапонияның су айдындарын тазарту технологиялары бойынша тәжірибесін қабылдайды

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті. Тараптар отандық су саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Елші су ресурстарын пайдалану және басқару мәселелерімен айналысатын жеке министрлік құру басқа мемлекеттер үшін үлгі болатын өте маңызды және дұрыс қадам екенін атап өтті.

Сондай-ақ Ямада мырза Жапонияның Қазақстанмен ұзақ мерзімді және толыққанды ынтымақтастыққа мүдделі екенін мәлімдеді. Ал су технологиялары саласында жұмыс істейтін жапон компаниялары елімізде өз жобаларын іске асыруға, атап айтқанда, суды қайта пайдалану бағытында серіктестік орнатуға ниетті екенін айтты. Елші ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен жапондық кәсіпкерлер арасында байланыс орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов министрлік Жапонияның су саласын автоматтандыру және цифрландыру бойынша тәжірибесін зерттеуге ниетті екенін атап өтті, сондай-ақ жапондық сарапшылар мен ғалымдарды тарту арқылы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру үшін бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды.

Сонымен қатар, министр елімізде су айдындарын тазарту технологияларына сұраныс жоғары екенін айтып, Жапониядағы ең ірі Бива көлін тазартуды мысалға келтірді. Нұржан Нұржігітов жапондық мұхиттанушы ғалымдарды Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың мүмкіндігі зор бағыттарын талқылауды жалғастыруға келісті.

«Халықаралық ынтымақтастық – біздің министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Себебі, Қазақстан трансшекаралық өзендерге тәуелді. Алайда, біз көршілермен ғана емес, басқа мемлекеттермен де байланыс орнатуға дайынбыз. Олардың тәжірибесін қабылдауға, бірлескен жобаларды іске асыруға және заманауи технологияларды енгізуге ниеттіміз. Біздің Жапониямен ынтымақтастығымыз берік әрі нәтижелі болады деп үміттенеміз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4949 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4110
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2806
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3509
Forbes Video

Ударят ли санкции по Казахстану?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить