АШМ инвестициялық субсидиялау аясындағы тәсілдерді жандандырды

Мемлекет басшысының АӨК субсидиялаудың жаңа ұзақ мерзімді тәсілдерін әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында инвестициялық салымдарға жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеудің субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Енгізілген өзгерістер фермерлердің өндірістерді және машина-трактор паркін жаңартуға қолжетімділігін едәуір арттырады. Олар сондай-ақ өсімдік шаруашылығына да, мал шаруашылығына да қажетті техника мен жабдықтардың негізгі тізбесі бойынша субсидияларды есептеуді барынша өзектендіруді көздейді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау мен сақтаудың заманауи жүйесін дамыту, қант саласын, жеміс-көкөніс шаруашылығы мен бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі міндеттерді шешу үшін тиісті бағыттар бойынша өтеу үлесі 30-50%-ға дейін ұлғайтылды.

Бұдан бөлек Қағидалардың жаңа редакциясында суды үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту басымдықтары ескерілген.

Қабылданған өзгерістер фермерлердің субсидиялауға қолжетімділігін кеңейтеді, басым шағын салаларды дамытуға жаңа серпін береді және агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асырудың 9 жылы ішінде 2014-2022 жылдар аралығында 122 мыңға жуық инвестор субсидияланды. Төленген субсидиялар сомасы 617,8 млрд теңгені құрады, 2 501,6 млрд теңгеден астам жеке инвестициялар тартылды.

Субсидиялау ережесі жаңа редакцияда ҚР НҚА эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланған. Өзгерістер 2023 жылдың 10 желтоқсанында күшіне енеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5091 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3858
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2524
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3278
22 января родились
председатель совета директоров Kusto Group
Forbes Video

Диагноз казахстанской экономике

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить