Ақтөбе облысының әкімі Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Облыс әкімі Асхат Шахаров пен Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кестутис Янкаускас Ақтөбе облысы мен Еуропалық Одақ елдерінің екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Қос тарап экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын бағамдап, басқа да бірқатар мәселені қарастырды.

Асхат Шахаров ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Ақтөбе өңірінің инвестициялық әлеуеті туралы хабардар етті.

«Біздің өңір көптеген шет елмен тығыз қарым-қатынаста. Жаңа инвестициялық жобаларды ауыл шаруашылығы, мұнай-химия, машина жасау және құрылыс және т.б. салаларда жүзеге асыруға болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз инвестиция тарту және шетелдік компаниялармен көпжақты қарым - қатынас орнатуға, қолайлы инвестициялық ахуалды сақтау және дамытуға ерекше назар аударамыз», - деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Кестутис Янкаускас Ақтөбе облысының Еуропалық Одақ елдерімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуетке ие екенін атап өтті.

«Мен Ақтөбе облысының тиімді географиялық орналасуы мен қомақты ресурстары бар екенін айтып өткім келеді, бұл инвестициялар мен жаңа жобаларды іске асыруға өте қолайлы. Біз белсенді байланыстарды сақтай отырып, Ақтөбе облысы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыруға дайынбыз», - деді Елші.

Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықтың барлық өзара тиімді бағыттары бойынша белсенді байланыстарды қолдауға әзір екендіктерін білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3903 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3860
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2528
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3279
23 января родились
посол РК в Хорватии, Боснии и Герцеговине, Черногории
Forbes Video

Еркин Татишев : «Около 30% бизнеса в Казахстане не переживет коронакризис»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить