Қызылордада жаңа автовокзал мен «Қорқыт Ата» әуежайы терминалының құрылысы аяқталып жатыр

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында көлік министрі Марат Қарабаев өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге облыс орталығында шоғырланған көлік инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады

Марат Қарабаев «Салтанат» автовокзалының жұмысымен танысып, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы пайдалануға беруге дайындалып жатқан автовокзалға барды. Нысанның құрылысы осы жылдың шілде айында басталып, бүгінгі таңда жұмыстар 85% - ға аяқталған. Жаңа нысанды ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.

Әрі қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері министр мен облыс әкіміне теміржол вокзалы ғимаратындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының нәтижелері туралы айтып берді.

Қалпына келтіру жұмыстары аясында қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізілген. Вокзал әкімшілігімен тексеру жабдықтарының 3 жиынтығы орнатылып, сондай-ақ кешенді қауіпсіздік жүйесімен жарақтандырылған.

Қызылорда қаласының әуе айлағындағы жұмысбарысы туралы баяндамамен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ басшылығы есеп берді. Айлақ объектісінде өткізу қабілетін сағатына 250 жолаушыға дейін арттыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты келесі жылдың мамырына дейін аяқтау жоспарлануда. Жаңа терминалдың құрылысы жеке қазақстандық инвестордың қаражаты есебінен жүргізілуде.

Қызылорда өңірінің инфрақұрылымдық нысандарын аралағаннан кейін көлік министрі автокөлікпен Түркістан облысына барып, «Самара-Шымкент» автожолының «Қызылорда-Түркістан» ақылы учаскесін қарап шығады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4012 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3990
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2680
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3393
20 апреля родились
Каныш Избастин
бывший первый заместитель председателя правления НУХ «Байтерек»
Жомарт Сулейменов
продюсер, основатель и гендиректор National Development Group
Али Бектаев
председатель партии «Ауыл»
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить