Қызылордада жаңа автовокзал мен «Қорқыт Ата» әуежайы терминалының құрылысы аяқталып жатыр

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында көлік министрі Марат Қарабаев өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге облыс орталығында шоғырланған көлік инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Марат Қарабаев «Салтанат» автовокзалының жұмысымен танысып, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы пайдалануға беруге дайындалып жатқан автовокзалға барды. Нысанның құрылысы осы жылдың шілде айында басталып, бүгінгі таңда жұмыстар 85%-ға аяқталған. Жаңа нысанды ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.

Әрі қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері министр мен облыс әкіміне теміржол вокзалы ғимаратындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының нәтижелері туралы айтып берді.

Қалпына келтіру жұмыстары аясында қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізілген. Вокзал әкімшілігімен тексеру жабдықтарының 3 жиынтығы орнатылып, сондай-ақ кешенді қауіпсіздік жүйесімен жарақтандырылған.

Қызылорда қаласының әуе айлағындағы жұмыс барысы туралы баяндамамен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ басшылығы есеп берді. Айлақ объектісінде өткізу қабілетін сағатына 250 жолаушыға дейін арттыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысты келесі жылдың мамырына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа терминалдың құрылысы жеке қазақстандық инвестордың қаражаты есебінен жүргізілуде.

Қызылорда өңірінің инфрақұрылымдық нысандарын аралағаннан кейін көлік министрі автокөлікпен Түркістан облысына барып, «Самара-Шымкент» автожолының «Қызылорда-Түркістан» ақылы учаскесін қарап шығады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1937 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4327
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3040
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3785
3 октября родились
Асхат Шахаров
аким города Актобе
Загипа Балиева
проректор Казахского национального исследовательского аграрного института, экс-министр юстиции
Forbes Video

Ударят ли санкции по Казахстану?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить