Жас мамандар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға 7 млн теңгеден астам несие ала алады

Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Аталған бағдарламаға денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.

Бағдарлама аясында 100 АЕК (345 мың теңге) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу, тұрғын үй сатып алуға жылдық кредит сомасынан 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 1500 АЕК-ке (5,2 млн.теңге) дейін бюджеттік кредит беру сияқты әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.

2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 млрд теңге сомасына көтерме жәрдемақы , 45 мыңнан астам маман тұрғын үй сатып алуға 142,5 млрд теңге сомасына бюджеттік кредиттер алды.

2023 жылы 3,6 мың маманға тұрғын үй сатып алуға 18,6 млрд теңге қарастырылған. Биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Отбасы Банкі» жоба операторы болып тағайындалды. Бағдарлама цифрлық форматқа ауыстырылды. Өтінімдер Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимінде қабылданады.

Сондай-ақ осы жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне өзгерістер енгізілді. 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит көлемі 2 500 АЕК-ке (9,2 млн теңге) дейін ұлғаяды немесе ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке, яғни 7,3 млн теңгеге дейін өседі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2544 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3996
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2689
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3396
24 апреля родились
Мурат Мутурганов
артист цирка
Галымжан Пирматов
председатель Национального банка РК
Гульнар Иксанова
депутат мажилиса VI созыва, экс-руководитель агентства «Хабар»
Forbes Video

Ректоры крупнейших частных вузов Казахстана о проблемах образования

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить