Жамбыл облысында 65 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды - Қарашөкеев

Жамбыл облысында әлеуметтік саланы дамытуға айрықша көңіл бөлініп, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету саласына ерекше басымдық берілуде. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Астанада өткен брифинг барысында осылай деді.

Мемлекет басшысының әрбір 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы аясында облыста 17,4 мың тұрақты жұмыс орны ашылып, жоспар 29 пайызға артығымен орындалды.

Сондай-ақ, облыста жыл басынан бері 65,7 мың жұмыс орны құрылса, оның 49,4-і тұрақты. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 56 мың адам тартылған.

Бүгінде облыс халқының үштен бір бөлігін жастар құрайды (29%). Жастарды жұмыспен қамту және олардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында бүгінде өңірде «Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» сияқты бағдарламалар жүзеге асуда.

Атап айтқанда, «Жастарға шағын несие беру» бағдарламасы бойынша 483 адам 2,5 пайыздық жеңілдікпен 2,2 миллиард теңге несиеге қол жеткізген. Бұдан бөлек, 540 адам «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде жеңілдетілген несиеге ие болған. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 26,1 мың жас қамтылған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3701 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4325
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3037
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3784
3 октября родились
Асхат Шахаров
аким города Актобе
Загипа Балиева
проректор Казахского национального исследовательского аграрного института, экс-министр юстиции
Forbes Video

Татьяна Пятина - специалист по BDSM в IT

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить