Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?

Күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінің қаңылтыр ыдысына есепке алу-бақылау маркаларын жапсыру бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының
9-бабының 2-тармағына сәйкес қаңылтыр ыдыста күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінің айналымы рұқсат етіледі. Сонымен бірге, Салық кодексінің 172-бабы 2-тармағына сәйкес, толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануы тиіс.

Қаңылтыр ыдысы (метал банкасы) үшін ыдыстың қақпағына есепке алу-бақылау маркаларын жапсыру бойынша талаптың орындалуы мүмкін емес, өйткені тұтыну ыдысын ашу кезінде есепке алу-бақылау таңбасының тұтастығын бұзу талабын сақтау мүмкін емес. Мұндай талаптар есепке алу-бақылау маркасын қайта пайдалануды болдырмау мақсатында белгіленген болатын.

Осыған байланысты ережеге қаңылтыр ыдыстың қақпағына есепке алу-бақылау маркасын жапсыру талабын алып тастайтын түзету енгізілді. Қаңылтыр ыдыста марка бүйірлік бетке жапсырылады және оның сәйкестендіру штрих-кодының ақпаратын оқылуды қамтамасыз етуі керек.

2023 жылғы 14 қарашада «Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке
алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4043 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3995
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2687
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3395
24 апреля родились
Мурат Мутурганов
артист цирка
Галымжан Пирматов
председатель Национального банка РК
Гульнар Иксанова
депутат мажилиса VI созыва, экс-руководитель агентства «Хабар»
Forbes Video

Алексей Ли: как бизнесмены нового поколения развивают Казахстан

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить