Қазақстан мен Иран СІМ басшылары екіжақты қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады

 Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Каспий маңы елдерінің сыртқы істер министрлерінің отырысы шеңберінде Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахианмен келіссөздер жүргізді.

Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

ҚР СІМ басшысы Иран өңірдегі аса маңызды серіктестердің бірі екенін және біздің елдерімізді мәдени және тарихи мұраға негізделген бауырластық қатынастар байланыстыратынын атап өтті. «Біздің екіжақты саяси диалогымыз өзара тиімді дамудың жоғары динамикасын көрсетуді жалғастыруда», – деді М.Нұртілеу.

Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ерекше назар аударылды. Тараптар қолда бар әлеуетті іске асыру бойынша нақты қадамдар қабылдау қажеттігі туралы келісті. Қазақстандық тарап экспортталатын өнім тізбесін жалпы сомасы 250 млн АҚШ доллары құрайтын 75 тауар позициясына кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өзара тиімді екіжақты қатынастарды бірлесіп ілгерілетуге күш салуға келісті. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2208 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4329
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3042
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3785
Forbes Video

Профессор Алмаз Шарман - об антиваксерах, БАДах, коллапсе медицины и замены врачей на роботов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить