ҚР ҰЭМ мен Дүниежүзілік банк Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дамыту мәселелерін талқылады

Астанада Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Таяу Шығыс, Орталық Азия, Түркия, Ауғанстан және Пәкістан бойынша өңірлік менеджер Майкл Опаги бастаған IFC (International Finance Corporation) өкілдерімен кездесу өткізді. IFC – Дүниежүзілік банктің құрамындағы халықаралық қаржы институты.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін басым бағыттарды айқындады. Сондай-ақ жаңартылатын энергетика бағдарламасын іске асыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Өз сөзінде Б.Құдайбергенов елімізде МЖӘ (мемлекеттік-жекешелік әріптестік) дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді:

-Үкімет әлеуметтік салада МЖӘ дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын қабылдады. Бұл – жоғары білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, спорт пен ағарту салаларында жаңа объектілер салуға, материалдық-техникалық базаны жаңартуға бағытталған. Бизнесті белсенді тарту мақсатында МЖӘ тетігі арқылы «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын іске асыру тұрғысынан жаңа тәсілдер әзірленді.

Өз кезегінде, IFC командасы түрлі салаларға инвестициялар тартуға жәрдемдесу үшін Қазақстанда МЖӘ дамыту жөніндегі бағдарламаның іске асырылуын жандандыруға және ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде 1086 МЖӘ шарты жасалды:

қолданыстағы жобалар – 796

республикалық деңгейде – 15

жергілікті деңгейде – 781

іске асырылды – 290

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4030 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3990
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2678
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3392
19 апреля родились
Жания Аубакирова
пианистка, директор Авторской школы Жании Аубакировой
Forbes Video

Данияр Алшинов: путь в мировое кино

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить