Елордалық дәрігерлер МӘМС аясында алғаш рет робот-ассистенттің көмегімен 5 пациентке операция жасады

Елордада Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТО дәрігерлері робот-ассистенттің көмегімен бес пациентке ерекше операция жасады. Оларға МӘМС аясында құны екі млн теңгеге жуық операция жасалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын медициналық сақтандыру қаражаты есебінен халыққа травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, урология, онкология және т.б. бойынша жүздеген қымбат операция жасалады.

Бүгінгі таңда тізе мен жамбас буындарын ауыстыру операциялары халық арасында үлкен сұранысқа ие.

Елордада академик Н.Ж. Батпенов атындағы травматология және ортопедия ғылыми орталығында 5 пациентке роботпен тізе ауыстыру бойынша күрделі операция жасалды. Эндопротездеудің идеясы – адамның зақымдалған буынын жасанды имплантпен алмастыру. Зақымдалған аймақтың 3D сканерлеуінің арқасында робот көмекшісі пациенттердің буынына барлық параметрлерді математикалық тұрғыдан мінсіз есептей отырып имплант қоюға мүмкіндік берді. Операциялар IT мамандарының қатысуымен компьютерлік навигация арқылы жасалды.

«Жақында бізде робот-ассистенттің көмегімен тізе буынын толық эндопротездеу бойынша операциялар жасалды. Робот – бұл біздің қай жерде екенімізді көріп қана қоймай әрі бір миллиметрге дейін, бір градусқа дейін құралдың орнын реттей алатын ақылды құрал, ал адам дәл ол сияқты тұп-тура көре алмайды.
Нәтижесі жаман емес.
Науқастар өздерін жақсы сезінеді. Олар балдақтың көмегімен жүре алады.
Операцияға дейін олардың қозғалуы қиын болатын. Қазір операциядан кейін оларға еш шектеу жоқ, буындары бүгіліп, толық қозғалыса алады.

Тізе буынын эндопротездеу шамамен 2 млн теңгені құрайды, оған импланттар, операция, күніне төсек-орын, анестезия, қажеттілік бойынша барлық тексерулер мен емдеу кіреді. Барлық операциялар МӘМС жүйесінде пациенттерге тегін жүргізілді», - деді Н.Ж.
Батпенов атындағы ҰҒТО бөлімшесінің №7 травматолог-ортопед дәрігері Жұмахан Сләмов.

Қазіргі уақытта пациенттер оңалтудың 1 кезеңінен өтіп жатыр. Бір жарым айдан кейін олар орталықта қайта оңалтудан немесе тұрғылықты жері бойынша оңалтудың келесі кезеңдерінен өтуі мүмкін.
Оңалту құны – 380 мың теңге, операция құны – шамамен 2 миллион теңге. Пациенттерге арналған операциялар да, оңалту іс-шаралары да МӘМС жүйесінде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың басынан бастап Астана дәрігерлері 35,2 млн теңге сомасына тізе мен жамбас буындарын ауыстыру бойынша операциялар жасады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2115 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3988
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2672
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3389
17 апреля родились
Еркин Калиев
бизнесмен, председатель совета директоров АО «Глотур»
Серик Султангали
президент Союза архитекторов Казахстана
Forbes Video

Рамиль Мухоряпов: как пережить отмену

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить